Өскемен
-4°
небольшой снег ветер 0,4 м/с, Ю
458.69 501.3 6.52

Өскеменде соғыс ардагері сайлау учаскесіне өзі келді

20.11.2022, 15:28 148 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде жасы жүзге таяп қалған соғыс ардагері сайлау учаскесіне өзі келіп, таңдауын жасады.

Бүгін №21 сайлау учаскесіне маңызды сайлаушылардың бірі келді. 98 жастағы соғыс ардагері Құрмат Рахимов азаматтық ұстанымын білдіру үшін сайлау учаскесіне өзі баруға шешім қабылдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Құрмат Рахимов - II дәрежелі «Отан соғысы» орденінің иегері, «Багратион» операциясы мен Кенигсберг шабуылына қатысқан батыр, Шекара қызметінің ардагері, отставкадағы Ішкі істер министрлігінің полковнигі. Егде жасына қарамастан, сайлау учаскесіне өз аяғымен келіп, дауыс берді.

Ардагер сайлауға қатысуға үлкен мән береді. Өйткені, ол мұндай шараларды, яғни азаматтық таңдау мен сайлау құқығын  қаншама боздақтың қанымен келген Ұлы Жеңістің тікелей жалғасы деп есептейді.

– Біз Тәуелсіз елді құрып, әділ қоғамда өмір сүру үшін күрестік. Егер сіз қоғамның тағдырына қатыспасаңыз, тұратын елге қызығушылық танытпасаңыз, онда не үшін соғысу керек еді? – дейді ардагер.


Айта кетсек, Өскеменде дауыс беруге барлығы 12 соғыс ардагері мен 3661 тыл еңбеккері қатысты. Олардың көбіне сайлау жәшіктері үйлеріне жеткізілсе, кейбіреулері учаскелерге өздері келді.  

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив