Өскемен
-4°
небольшой снег ветер 0,4 м/с, Ю
458.69 501.3 6.52

Елжан Манарбеков: Ауыл медицинасында ауқымды өзгерістер көп

20.11.2022, 17:56 189 0 Мадина Амангелдіқызы

Сайлау учаскесіне келіп дауыс берген Тарбағатай аудандық ауруханасының бас дәрігері Елжан Манарбеков аудан үшін денсаулық саласына айрықша ден қойылып отырғандығын жеткізді.

- 2021 жылы Ақжар ауылының мәдениет үйінде ҚР Парламент депутаты Саиров Ерлан Бияхметұлы келіп халықпен кездесуі кезінде микрофон алып, Тарбағатай ауданының медицинасын одан әрі орнықты дамыту үшін жасалған стратегиялық жоспарланған негізгі төрт мәселені айтып берген едім, - дейді Елжан Манарбеков.


Бас дәрігер атап өткен мәселелер мыналар болатын:

  1. Ақжар ауруханасының ішкі-сыртқы су құбырлары, жылу жүйесі, кәріз жүйесінің аурухана салынғалы ауыспағандығы, соған күрделі жөндеу жұмыстарын жасау туралы;
  2. Ауруханаға КТ ( компьютерлік томография ) қою туралы. Оған керекті резидентура бітірген сол құралмен жұмыс жасаған маманның болуы, ауылдың шалғай орналасуы және көптеген адам өміріне қауіп төндіретін аурулар кезінде өзектілігі туралы;
  3. Ауруханамызға оттегі станциясын қою қажеттігі туралы;
  4. Ауылдағы жедел- жәрдем бөлімінің орталықтануынан туындаған мәселелер туралы;

Осы мәселелерді дұрыс нәтижелі шешілуі үшін республикалық, облыстық, аудандық, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып керекті құжаттарды дер кезінде дайындап, керекті негіздемелі хаттар жазылып, жоспарланып қазіргі таңда 1 жылдың ішінде осы 4 мәселенің де шешімі табылды деп айтуға болады. Мәселен, биыл Денсаулық сақтау басқармасының бұйырығымен, облыстық бюджеттен жобалық-сметалық құжаттама дайындауға қаржы бөлініп құжаттары дайындалып жатыр екен. Келесі жылы жөндеу жұмыстары басталады.

- Осы жылы аурухана ішіне 50 нүктелі оттегі жүретін желіні тарту үшін сметалық құжаттама дайындалып және соған оттегі станциясын алу үшін клиника-техникалық негіздемесін құжаттарын мамыр айында Астана қаласындағы құзырлы мекемеге өткізіп, шілде айында қорытындысын алдық. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен ауруханамыздың ішіне 50 нүкте оттегі жүретін жүйе жұмыстарына қаржы бөлініп, қазір сол жұмыс толық аяқталды. Оттегі станциясына облыстық бюджеттен ақша бөлініп, тендері ойнатылып ол аппаратымыз да ауруханамызға осы жыл аяғына дейін келеді, - деді бас дәрігер.


Сонымен қатар, келесі жылы  жаңадан 9 медициналық пункт салынады және аудандық ауруханада келесі жылы реабилитациялық төсектер ашу үшін “медициналық реабилитация” лицензиясын биыл алып отыр. Ендігі кезекте “амбулаториялық реабилитология балаларға және ересектерге” лицензиясын алу үшін керекті құжаттар дайындалып жатыр.

- Ол лицензияларды алу үшін біздің ауруханамызда құрал-жабдықтар және жаңадан ашылған бұрын-соңды болмаған штаттар: реабилитолог, массаж, логопед-дефектолог, психолог, травматолог-ортопед, ЛФК инструктор, физиотерапевт мамандары бар. Бұйырса ауыл халқы инсульттан кейін, жарақаттан кейін, өкпе ауруларынан кейінгі, балалар тірек-қимыл ауруларынан кейінгі оңтайландыру емдерін өзіміздің аудандық ауруханада жатып ала алатын болады. Біздің мақсатымыз-халыққа сапалы медициналық көмек көрсету!",-деді Елжан Манарбеков.


 

Ерлан БАПАНОВ,

ТАРБАҒАТАЙ

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив