Өскемен
-25°
плотный туман ветер 2 м/с, СВ
460.43 501.04 6.65

ШҚО-да тұрғындардың 79,49 пайызы өз таңдауын жасады

20.11.2022, 21:47 166 0 Ләззат Қанатқызы

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша шығысқазақстандық тұрғындардың 79,49% бюллетень алды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, өңір учаскелерінде дауыс беру процесін бақылау тұрғындардың азаматтық белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетіп, жауапты органдардың жұмысына оң баға берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20.00-дегі жағдай бойынша жалпы ел бойынша дауыс берушілер көрсеткіші 69,31% құрады.

Жексенбі күні, толассыз қапалақтап жауған қарға қарамастан тұрғындар саяси науқанға белсенді түрде қатысты.

- Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Біздің партиялық емес Бюллетень орталығынан сайлау учаскелерінде бақылаушылар жіберілді. Өңірдегі қалалары мен аудандарының барлық сайлау учаскелері толық қамтамасыз етілді. Бақылаушыларымыз ешқандай құқық бұзушылық актілерін байқаған жоқ. Дауыс беруге келген тұрғындар қарасы өте көп болды, әсіресе жастарды көп байқадық. Жастардың осындай саяси науқанға жауапкершіліпен қарауы бізді қуантады, - деп атап өтті ШҚО бойынша партиялық емес байқау орталықтарының облыстық филиалының төрағасы Людмила Захарова.

Жалпы ШҚО-да барлығы 549 сайлау комиссиясы жұмыс істеді, оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік комиссия. Оларда комиссиялардың 3 мың 609 мүшесі, оның ішінде аумақтық сайлау комиссияларының 84 мүшесі және учаскелік сайлау комиссияларының 3 мың 525 мүшесі жұмыс істеді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив