KZ
Өскемен
-4°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Әбубәкір Марлен: Еліміздің саяси тарихында жаңа бет ашылды

21.11.2022, 17:08 820 Ләззат Қанатқызы

Кеше елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Өскемен қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Нұрланұлы сайлаушылар саяси науқанға қатысу арқылы Қазақстан халқының азаматтық белсенділік деңгейін көрсеткен айтады.

- Президенттік сайлау науқаны елдің болашағы туралы нақты көзқарасы бар, күшті көшбасшының пайдасына әділ таңдаумен аяқталды. Қазақстандықтар өздерінің алдағы жеті жылда Президент Қасым Жомарт Тоқаевпен бірге болуға дайын екендіктерін нық сеніммен дәлелдеді.
Қасым Жомарт Тоқаевтың жеңісі қазақстандық қоғамның, таңдалған жолының дұрыстығын, әділ Қазақстанды құруға бағытталғандығын көрсетеді.
Сайлаушылардың келуі Қазақстан халқының азаматтық белсенділік деңгейін көрсетті. Еліміздің жаңа саяси тарихында жаңа бет ашылды.
Мемлекетіміздің игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін. Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға бірге қадам жасайық! – деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив