Өскемен
-4°
небольшой снег ветер 0,6 м/с, Ю
458.69 501.3 6.52

Халқымыз болашақтан жарқын өзгерістер күтеді – Аяужан Әшімова

22.11.2022, 09:58 168 0 Ләззат Қанатқызы

 «ШҚО Азаматтық Альянсының» тең төрағасы Аяужан Әшімова сайлау кезінде дауыс беру тәртібінің бұзылмағанын, әр учаскеде бақылаушылар жұмыс істегенін айтады.

- Кезектен тыс Президент сайлауы – еліміздегі саяси маңызды іс-шаралардың бірі болды. Әсіресе еліміздің әрбір тұрғыны үшін осы саяси науқанның маңызы зор. Осы сайлау Президенттің рөлі, оның реформалары мен саяси ерік-жігері үшін емес, әрбір қазақстандық өзінің мемлекет басшысына, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ерекше сенім білдіретінін көрсетті. Бұған халықтың саяси науқанға қатысуы, оны әлеуметтік желіде жиі жариялауы бірден-бір дәлел. Қазір халқымыз Президентке ерекше сенім білдіріп, еліміздің болашағынан жарқын өзгерістер күтуде. Бұл кімге болсада қуаныш сыйлайтыны анық.
Дауыс беру процесіне келетін болсақ, ешқандай дауыс беру тәртібі бұзылған жоқ. Сайлау учаскелерінде бақылаушылар, халықаралық бақылаушылар жұмыс істеді. Жалпы, біз жыл сайын халықтың құқықтық сауаттылығы артып келе жатқанын көреміз, адамдар өздерінің заңды құқықтары мен міндеттерін жақсы біледі, -деді ол.


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив