Өскемен
-4°
небольшой снег ветер 0,6 м/с, Ю
458.69 501.3 6.52

Алдияр Әубәкіров: Тұрғындар азаматтық ұстанымдарын белсенді түрде білдірді

22.11.2022, 18:00 140 0 Ләззат Қанатқызы

Алдияр Әубәкіров, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары:

– Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, сондықтан Отанымыздың болашағы біздің бүгінгі қабылдаған шешімдерімізге байланысты екенін түсінуіміз керек.
Соңғы кездері ел тұрғындары мемлекеттің саяси өміріне қызығушылық танытып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын белсенді түрде білдіріп жүр. Соның бір айғағы ретінде Президенттің кезектен тыс сайлауында өз дауыстарын беру үшін жұртшылық учаскелерге таңертеңнен келе бастады.
Маңызды тарихи науқанға жастарымыздың да қалыс қалмай, белсенді қатысқаны ерекше қуантады. Бұл сайлаудың ашықтығын және оған деген халықтың нық сенімін аңғартады. Әрбір азамат өз дауысының маңызды екенін саналы түрде ұғынып отыр. Сайлаушылардың көптігі дауыс беру үрдісінің жоғары деңгейде өткенін растайды.


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив