KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Әрқайсымыз атсалысуымыз керек - Мерей Қайнарұлы

23.11.2022, 16:51 717 Мадина Амангелдіқызы

«Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлы Президент сайлауына қатысты өз пікірімен бөлісті. Ол мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы тың бастамаларына тілекші ғана болып отырмай, еліміздің болашағы үшін әр адам атсалысуы керек дейді.

Қашан да жақсылықтан үміт күтетін халықпыз. Бұл жолғы Президент сайлауында да көпшілік Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артып, өз дауыстарын берді. Сайлау науқанына бір кісідей қатыстық па, жоқ па, оны сарапшылар айтып жатар. Ал өзім ел ертеңі үшін деп таңдауымды жасадым.
Көпшілік дауыспен Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті, қуандық, тілекші болдық. Президентке зор үміт арттық. Енді халықтың сенім үдесінің ақталуы – уақыт еншісінде. 
Айтпағым, әділдікті ту еткен Президентіміздің «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы тың бастамалары сәтті болса екен! Сырттай тілекші болып ғана отырмай, әрқайсымыз шама-шарқымызша атсалысуымыз керек. Жуықта Президент жастарға сенім артатынын айтып қалды. Жастарымыз да елдің дамуына аз да болса үлесін қосса деймін. Иә, бұған дейін де аз жұмыс атқарылған жоқ. Десек те, сөзден іске көшетін уақыт баяғыда жеткен. Артық-ауыс жиын, дөңгелек үстел, бос ұран сияқты болмашы шараларды ысырып тастап, білек сыбана шынайы іске кірісуіміз керек. Президент те осыны үнемі айтып келеді. Ендеше, Қазақстанның болашағы өз қолымызда!


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив