KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Азаматтық қоғам нығаюға бағыт алды – Ерлан Саиров

24.11.2022, 16:38 587 Оразай Жеңісұлы

Ерлан Саиров, Парламент Мәжілісінің депутаты:

Біздің елімізде сайлау жаңа саяси институт ретінде қалыптасып келеді.  Өзім сайлау учаскесіне таңғы сағат 7-де бардым, сол кезде байқаушылар бүкіл процестерді бақылап отырды.
Жалпы, Қазақстандағы саяси жүйе өзгерді, енді бір президент бір мерзімге ғана сайланады. Бұл – ең маңызды өзгеріс. Нәтижесінде, мемлекет орнықты бола түседі, өйткені шешімдердің бәрі қоғаммен келісіліп шығарылады. Сайлау және сайлану құқығы – азаматтарымыздың ең негізгі конституциялық құқығы. Өткен сайлауды халықтық демократияға бет бұрудың негізгі қадамы және плюрализмнің бастауы деп бағалаймын.
Сайлауда барлық үміткерлерге заң аясындағы тең мүмкіндіктер ұсынылды. Олар аймақтарға еркін шығып, үгітнасихат жұмыстарын кедергісіз жүргізді. Өткен президент сайлауы қоғамдық ұйысу тұрғысынан алып қарағанда ел дамуы үшін өте маңызды болды.
Маусым айындағы референдумда азаматтардың 77 пайыздан астамы конституциялық реформаны мақұлдады, бұл халықтың іс басындағы билікті қолдап отырғанын көрсетті.
Ал осы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың 80 пайыздан астам дауыс алуы, сенімді жеңісі биліктің іске асырып жатқан және келешекке жоспарлап отырған шараларын азаматтарымыздың толықтай дерлік қолдап отырғанын аңғартады. Осылайша, референдум қоғамның шоғырлана түскенін, ал президенттік сайлау азаматтық қоғамның нығаюға бағыт алғанын көрсетті.
Сондай-ақ сайлау халық пен билікте ел дамуының келешегіне қатыстыбірыңғай түсінік бар екенін байқатты. Жалпы, үлкен электоралды циклдің бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Келесі кезек – парламенттік және мәслихаттар сайлауы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив