KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Бұл жеңістен жақсы нәтиже күтеміз - Серік Сағандықов

24.11.2022, 14:00 426 Ләззат Қанатқызы

«Рулиха» ЖШС директоры Серік Сағандықов Президенттің ауыл шаруашылығы саласына деген көзқарасы, орнықты ауыл қағидаттарын берік ұстануы көңіл қуантатынын айтады.

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолғы сайлауда анық басымдықпен жеңіске жетіп, мемлекет тізгінін жеті жылға қолына алды. Бұл жеңістен барлығымыз жақсы нәтиже күтетініміз белгілі.
Ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарып жатқандықтан Президенттің осы салаға деген көзқарасына, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы және орнықты ауыл қағидаттарын берік ұстануы көңілімізге қонады.
Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығын экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналдырып, алдағы жылдарда ауыл-аймақты өркендетуге басымдық беретінін айтқан еді. Ауылдық жерді жұмыспен жаппай қамту үшін жағдай жасап, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдайтынын білдірді. Жердің көпшілікке қолжетімді болуы үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандыру бағытында жұмыс істемек.
Сонымен қатар су үнемдейтін тиімді технология енгізіп, мелиорация және суару жүйесін қалпына келтіруге басымдық беру қажеттігі айтылды. Ауылды жедел дамытуға басымдық беру арқылы ауылдарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге көңіл бөлініп, ауыл шаруашылығы кооперациясы дамытылмақ. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу, шағын несие алу бағытында жасалатын жеңілдіктер қарапайым шаруаның жағдайын жақсартатыны рас.
Осы жұмыстардың барлығы, түптеп келгенде, ауылды жерлерде сапалы жұмыс орындарының пайда болуына, суару алаңдарының еселеп артуына, жалпы айтқанда, ауылаймақтың экономикалық жағдайының жақсаруына алып келері сөзсіз, - деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив