KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Татьяна Чернышова: Бәрімізге ортақ жеңіс болды

24.11.2022, 17:23 689 Ләззат Қанатқызы

Татьяна Чернышова, «Экокелісім» халықтың денсаулығын сақтауға және экологияға әрекет ету бойынша Шығыс Қазақстан облыстық қауымдастығы» ЗТБ президенті:

Өздеріңіз білетіндей, күні кеше өткен Президент сайлауы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқын жеңісімен аяқталды. Сайлаушылардың 81,31%-ы ҚасымЖомарт Кемелұлына дауыс берді. Бұл – біздің ел үшін шын мәнінде тарихи оқиға. Бұл жеңіс – бәрімізге ортақ жеңіс. Біз сайлаудың нәтижесін ерекше толқыныспен күттік, бастысы – әділдікке сендік.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан – барлығына және әрқайсына. Қазір және мәңгілікке» атты сайлауалды бағдарламасын жүрегімен жазды деп айтуға болады, сондықтан өзге үміткерлер нақты бәсекелестік туғыза алмады. Ол бағдарлама «Әділетті мемлекет», «Әділетті экономика», «Әділетті қоғам» сияқты әділеттілік қағидаттарына негізделген. Оның бір бөлімі заманауи медицинаға арналған, мұнда басты мақсат – азаматтардың аурушаңдығын азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттыру.
«Ол үшін кәсіби кадрларды даярлау және профилактикалық жұмыс күшейтіледі, ауыл медицинасына жіті көңіл бөлінеді. Сапалы медициналық көмек әрбір қалада, аудан орталығында, ауылда көрсетілетін болады. Бұл – Әділетті Қазақстанның маңызды қағидаттарының бірі. Біздің азаматтар енді шығындалып шетелдік клиникаларға сабылмайтын болады, өйткені отандық медицинаның деңгейі де жылдан-жылға өсіп, қызмет сапасы артып келеді. Бұл бағыттағы жұмыс ары қарай жалғаса бермек. Әсіресе импортты алмастыру, медициналық туризмді дамытуға басымдық беріледі» - деді Президентіміз.
Мемлекет басшысы осы саланы дамытудың тұрақты моделі құрылып, 2027 жылы оны қаржыландыру деңгейі ішкі жалпы өнімнің 5%-нан кем болмайтынын айтты. Дәрігерлердің мәртебесі мен беделі артады. Бұл ақ халаттылардың қызметін ыждаһатпен әрі сапалы атқаруына кепіл бола алады.
Сол сияқты ішкі нарықты қолжетімді, сапалы отандық және шетелдік дәрідәрмекпен қамтамасыз ету де – ауқымды міндеттің бірі.
Мұндай ауқымды өзгерістер бүкіл мемлекеттік аппараттың қарқынды жұмыс істеуін талап етеді. Болашаққа жоспарланған реформалардың сәтті жүзеге асуының басты шарты – бірлігіміз бен ауызбіршілігіміз дер едім. Халықтың басым бөлігінің ҚасымЖомарт Тоқаевқа сенім артып, дауыс беруінің де себебі – осы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив