KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Ұлан ауданында дауыс беруге халықтың 92,79 пайызы қатысты

24.11.2022, 16:39 489 Мадина Амангелдіқызы

Елімізде өткен сайлауда Ұлан ауданы бойынша дауыс беруге халықтың 92,79 пайызы қатысты.

Бұл туралы Ұлан аудандының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айтбала Кумарова мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Ұлан ауданы бойынша 41 сайлау учаскесінде 227 комиссия мүшелері жұмыс істеді. Сайлау процессіне қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың өкілдері байқаушы ретінде және ҚР Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген тұлғалары қатысты.  Аудан тұрғындары белсенділік танытып, дауыс беруге халықтың 92,79 пайызы қатысты.  Дауыс беру күні Ұлан ауданының сайлау учаскелерінде болған байқаушылар сайлау заңнамасына бұзушылық тіркелмегендігі туралы актілер берді. Сайлау науқанына байланысты аудан бойынша барлық елді мекендерге баратын жолдар уақытылы тазартылып, сайлау учаскелері қажетті оргтехникалармен, құралдармен жабдықталды», - дейді Айтбала Кумарова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив