KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Әділетті Қазақстан: бағдарламаға шолу

25.11.2022, 17:14 498 Оразай Жеңісұлы

Жаңа бір арман, жаңа бір үміт жетелеген қазақ елі жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. 20 қарашада болған Президент сайлауы туралы айтып отырмыз. Жалпы, дүйім жұрт «Жаңа Қазақстан» деп жалаулатқалы да үш жылдың жүзі болды. Тек осы бір саяси науқан, науқандағы Халықтық коалиция кандидатының жеңісі жаңа кезеңге батыл қадам басуға берілген пәрмен секілді болды.

Сонымен, ендігі бағыт қандай? Бағытымыз – Әділетті Қазақстан. Жеті жылдық жоспарға сүйенсек, оның болаттай берік үш арқатірегі болады: Әділетті мемлекет – Әділетті экономика – Әділетті қоғам.

Altaynews.kz сайты «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» бағдарламасының негізгі аспектілеріне шолу жасады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, азаматтардың білім алуына, денсаулығы мен әл-ауқатына мемлекет тікелей жауапты. Мәселен соңғы жылдарда әлеуметтік бюджеттің өскені анық байқалады. Мұны кезекпе-кезек салынып жатқан балабақша, мектеп, аурухана, мәдениет, спорт нысандарынан көруге болады. Мұның сыртында атаулы көмекке бөлінетін триллиондаған теңге бар.

«Қаражат сомасынан гөрі әрбір мұқтаж адамның арнаулы мемлекеттік қамқорлықты сезінуі маңыздырақ», - деген еді халықшыл кандидат.

 Осы уақытқа дейін елімізде әлеуметтік шығын мәжбүрлі шара ретінде қарастырылып келгені жасырын емес. Енді мұндай көзқарас түбегейлі өзгереді. «Бұдан былай әлеуметтік төлемдер адам капиталына салынатын тікелей инвестиция болып есептеледі» деген тармақ осыны аңғартса керек.

Алдағы уақытта  Әлеуметтік кодекстің салмағы арта түседі деген сенім бар. Осы мақсатта атқарылатын ең маңызды шараның бірі – «Ұлттық қор – балаларға» жалпыхалықтық бастамасының іске қосу. 2024 жылдан бастап қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа толғанға дейін баланың жинақтаушы шотына аударылып отырады.

Оған қоса, енді «Самұрық-Қазына» қоры таза табысының кемінде 7 пайызы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына жыл сайын аударылады.

Ал ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолдау көрсету мақсатында бірнеше бастама жолға қойылады:

  • Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша әлеуметтік жобалар «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асырылады.
  • Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды туғаннан бастап жеке қолдаумен қамтамасыз етіледі.
  • Ерекше қажеттілігі бар барлық азаматқа Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызметті, тауарды, жеткізушіні, ұйымды және әлеуметтік қызметкерді таңдау мүмкіндігін ұсынылады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы жас буынға зор сенім артып отыр. «Жастар – қоғамдағы өзгерістердің негізгі қозғаушы күші» деп баға берді.

     «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» бағдарламасы жас азаматтарға әлеуметтік-экономикалық тұрғыда тең мүмкіндік ұсынады. Мәселен жастар саясаты туралы жаңа тұжырымдама мен заң қабылданады. Мұны бір деп қойыңыз. Енді қоғамдық кеңестерде жастар квотасы енгізіледі. Еріктілердің де еңбегі еленеді. Бұл жастарың елдік істерге араласуына ерік-жігер берсе керек.

Ал конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен несие беру ісі қалай жүзеге асады?

Бұл жаңашылдық туралы Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров былай деген еді.

– Жалпы, кәсіпкерлерге несие ресурстары жетіспейді. Шағын және орта бизнестің жетіспейтін қаржысы 42 млрд теңгені құрайды. Осыған орай үкімет пен ұлттық банкке тиісті шара қолдануды тапсырды. Белгілі бір қорларда жиналып қалған қаржыдан кәсіпкерлерге несие берудің механизмін әзірлейді. Үлкен қалаларда, ауылдарда жұмыссыз жастар бар. Енді олардың кәсіпкерлікке деген ынтасын қолдап, 2,5 пайызбен несие беріледі, – деді сарапшы.

Ұлттық палата өкілінің айтуынша, бұл шешім жастарды қолдау ғана емес, жаңа кәсіпкерлер санын көбейтіп, бизнес нысандарын арттыруға септігін тигізетін тың бастама.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив