KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Халқымыз мемлекет басшысына сенім білдіреді - Зарина Камасова

25.11.2022, 17:31 528 Ләззат Қанатқызы

Зарина Камасова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісімен аяқталды.

Сайлаушылардың басым көпшілігі қазіргі президентке сенім білдіріп, дауыс берді. Бұл нәтиже ел азаматтарының Қасым-Жомарт Кемелұлының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға және Қазақстанның халықаралық беделінің тұрақты өсуіне бағытталған жасампаз қызметін сөзсіз қолдайтынын айғақтайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың үгіт-насихат науқанында Президент тұлғасына емес, оның сайлауалды тұғырнамасының ең алдымен қарапайым азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған бағдарламалық мазмұнды сәттеріне баса назар аударылды.Бұл олардың бүгінгі сұраныстарына берілген жауап.

Президентіміз өзіне ел тұрғындары ерекше сенім білдіретініне көз жеткізді. Алдағы жеті жыл мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын орындауға үлкен мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив