Өскемен
-4°
небольшой снег ветер 0,6 м/с, Ю
458.69 501.3 6.52

Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы

28.11.2022, 12:00 132 0 Оразай Жеңісұлы

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары

Алима Ақылбекқызы:

Кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді түрде жеңіске жетуін елімізде іске асырылып жатқан тың бастамалар мен реформаларды халықтың қолдауы деп түсінуіміз керек. Қоғамдағы қордаланған мәселелердің шешілуін ел күтіп отыр.
Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында экономика, әлеуметтік сала мен өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер туралы бастама көтеріп, білім саласын дамытуға да ерекше тоқталғаны белгілі. Мемлекет тарапынан өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үшін осы салаға қомақты инвестиция құйылып, қолдау жылдан-жылға күшейіп келеді.
Мемлекет басшысы балаларды балабақшамен қамту, заманауи құралдармен жабдықталған жаңа үлгідегі мектептер салу бағытында нақты міндеттер жүктеді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жасалып, оның аясында облыста 20 жаңа мектеп бой көтереді. Нәтижесінде 2025 жылға дейін 800 мың баланың жаңа мектепте оқуына жағдай жасалады. Балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін елімізде оқушылар сарайы, өнер мектебі сынды 100 жаңа ірі нысан салынатын болды.
Президент жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескеріп, жоғарғы сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды күшейту қажеттігін баса айтты.
Бұдан бөлек, ұстаздардың жалақысы жылдан-жылға артып келеді. Білім ошақтарында оқитын көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қолдау шаралары жалғасады.
Қоғамдағы осындай түйткілді мәселелерді назардан тыс қалдырмаған Президент кезектен тыс сайлауда көпшілік халықтың қолдауына ие болды. Енді Президент тапсырмасын өңірлерде іске асырып, әділетті қоғам құруға атсалысу – әр азаматтың парызы.


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив