KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-дан Сенат сайлауына үш кандидат түседі

12.01.2023, 10:02 551 Ләззат Қанатқызы

14 қаңтар күні елімізде Сенат депутаттарының сайлауы өтеді.

ШҚО аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, сайлауға үш кандидат қатыспақ. Олар – Шәкәрім Бұқтығұтов, Александр Светаш және Ержан Ашимов, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Шәкәрім Бұқтығұтов  - 1961 жылы Көкшетау қаласында туған. Өскемен жол-құрылыс институтын (1985) «инженер-механик» мамандығы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін (1996) «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 1985-1988 жылдары Өскемен жабдықтау басқармасының слесарі, бас механигі болған. 1993-1995 жылдары - Шығыс Қазақстан сусындарды өндіру жөніндегі ӨБ бас директоры.

1997 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2002 жылға дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2006 жылдары Риддер қаласының әкімі болып қызмет етті.

2006-2007 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы басқармасының басшылығында болды.

2007-2008 жылдары Өскемен қаласының әкімі лауазымында жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін ШҚО әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Александр Светаш - 1978 жылы ШҚО Алтай қаласында дүниеге келген. 2000 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «география» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Алтай ауданындағы Парыгин орта мектебінде география пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

2001-2005 жылдары Алтай ауданы әкімінің көмекшісі болды. 2011-2015 жылдары аралығында Алтай ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы болып еңбек етуде.

Ержан Ашимов - 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Жеке кәсіпкер. Қазіргі уақытта «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ бас директоры. Бұл зауыт ел бойынша серпінді дамып келе жатқан кәсіпорындардың қатарында. Е.Ашимов кәсіпкерліктен бөлек, қоғамдық шараларға да белсене қатысып келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив