KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының мүшелерімен кездесті

21.10.2022, 09:36 401

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын қадағалау жөніндегі миссиясын басқаратын Уршула Гацекпен кездесті.

Ол ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ға 30 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді бақылаушылардан тұратын делегацияны Қазақстанға жіберу туралы шешімі үшін алғысын білдірді.

Нұрлан Әбдіров миссия мүшелерін сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерімен және ұзақтығымен таныстырып, ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын да атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстанда дәстүрлі түрде сайлау процесіне қатысушыларды оқыту және мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Саяси партиялар, жастар, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері үшін семинарлар өткізіледі. Жас сайлаушылар клубы құрылған. Сараптамалық кеңестің құрамы жаңартылып, оның мақсаты сайлау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

ҚР ОСК төрағасы Миссия мүшелерін Орталық сайлау комиссиясының отырыстары мен оқыту іс-шараларына қатысуға шақырды, сондай-ақ кез келген қызықтырған мәселелер бойынша кездесулер өткізуге дайын екенін білдірді.

- Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын заңнамаға сәйкес қатаң жүргізуді қамтамасыз етеді және салауатты, адал бәсекелестік үшін барлық жағдай жасайды. Біз ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросымен, оның ішінде сайлау науқандары арасындағы кезеңдерде тығыз ынтымақтастық пен сындарлы диалогты жалғастыруға үлкен мән береміз, - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив