KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Талғатжан Мұхамадиев: «Алға даму үшін білімді жастар, саналы ұрпақ керек»

20.10.2022, 17:16 417

«Менің өлкем» газетінің бас редакторы Мұхамадиев Талғатжан:

«Осы уақытқа дейін түсінгенім – еңбек еткен адам ғана мұратына жетеді екен. Себебі қанша жерден талантты болсаң да еңбекті серік етпесең алысқа шаппайсың. Күні кеше өткен форумда Президент «Өркениетті ел боламыз десек, еңбекті ең басты орынға қою керек» деді. Рас қой. Мұны түсінбей, құр сынап-мінеуге шамасы келетін, өзі түк бітірмейтін «батырлар» көбейіп кеткені өкінішті.

Форум демекші, басқа да біраз дүние айтылды онда. Қасым-Жомарт Тоқаев реформалардың басты мақсаты - Әділетті Қазақстан құру екендігін жеткізді. «Әділетті Қазақстан» деген сөзді кім қалай түсінеді? Менің түсінігімде, бұл – жемқорлық жолының бөгелуі, шенді-шекпенді мен қарапайым халықтың тең құқылы болуы.

Сондықтан бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ел мүддесі үшін бірлесіп еңбек етейік. Шенеуніктер мен сақшылар пара алмасын десек, өзіміз ақша тықпаламайық. Жемқорлықты, әділетсіздікті көзіміз шалса дереу құзырлы органға хабар беріп, қоғамды жайлаған індеттермен бірге күресейік.

Мемлекет басшысы айқындаған ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданың біріншісі –  Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Қазіргі алмағайып, қиын-қыстау, құбырмалы заманда егемендіктен айырылып қалуды елестетудің өзі қандай қорқынышты! Барымызды бағалайықшы!          

Бірақ барға қанағат деп отыра беру де келмес. Меніңше, бізге алға даму үшін білімді жастар, саналы ұрпақ керек. Сондықтан талаптанайық, оқиық, ізденейік. Білмегенге білгенімізді үйретейік. Ал терең білімнің алмайтын қамалы жоқ!

Міне, сайлау күні деп таяп келе жатыр. Президент болып сайланатын адам елдің даму жолында аянбай тер төгеді деп үміттенейік. Жаңа заң бойынша ол тек 7 жыл ел басқара алады. Яғни, осы уақыт ішінде халықтың жағдайын жақсарту үшін біраз шаруа тындырып, жағымды өзгерістер әкеліп үлгеруі керек. Сонда Қазақстан тарихында оның аты қалады. Ал билікті қолынан шығарып алмас үшін бәріне де баратын адамның әділ бағасын тарих бәрібір береді», - дейді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив