KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность Штиль
448.81 476.82 4.77

Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға екінші кандидатты тіркеді

15.10.2022, 23:49 287
Орталық сайлау комиссиясының отырысында Мейрам Қажыкен Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені мәлім болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Президенттікке кандидатты тіркеуге қажетті барлық талап сақталды", - деді Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров отырыста.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тиісті қаулыны қабылдау үшін бірауыздан дауыс берді. Кандидатқа тиісті куәлік берілді.

ОСК мүшесі Шавкат Өтемісовтің түсіндіруінше, аумақтық сайлау комиссияларының хаттамасына сәйкес, Қажыкеннің сенімді адамдары еліміздің барлық өңірінен 122 184 адамның қолын жинаған. Олар тексерілгеннен кейін 120 055 қол шынайы деп танылды, бұл кандидатты тіркеуге жеткілікті.

61 жастағы Қажыкеннің кандидатурасын "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынды.

Қажыкен – "Астана" халықаралық ғылыми кешені Экономикалық зерттеулер институтының басшысы. Ол бұған дейін республикалық деңгейдегі және еліміздің өңірлеріндегі атқарушы билік органдарында бірқатар қызмет атқарған. Экономика ғылымдарының докторы дәрежесін алған.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Кандидаттарды тіркеу 21 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады, одан кейін сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат кезеңі басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив