KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,9 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Мейрам Қажыкенді қолдаушы штаб өз жұмысын бастады

Сурет: Zakon.kz

26.10.2022, 12:09 263 Мадина Амангелдіқызы

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкенді қолдаушы штаб өз жұмысына кірісті.

ҚР Президенті сайлауындағы кандидат Мейрам Қажыкенді қолдау жөніндегі штаб жетекшісі Әбіл Кекілбаев 14 өңірде үгіт-насихат штабы ашылғанын жеткізді, деп хабарлайды Altaynews Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы қабылданып, үгіт-насихат жұмысының жоспары бекітілді. Үгіт-насихат жұмыстарына Мейрам Қажыкеннің өзі қатысады. Сондай-ақ үміткердің 138 сенімді адамы жұмыс істейді», - дейді Әбіл Кекілбаев.

Штабтың ашылу рәсіміне кандидаттың өзі қатысты. Ол жиналған қауымды өзінің сайлауалды бағдарламасындағы бағыттармен таныстырды.

Айтуынша, жасына, жынысына, ұлтына, дініне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез келген адамның дамуы басты назарға алынады. Бағдарлама қабілеттерді дамыту және оларды іске асыру үшін барлығына тең мүмкіндіктер жасауға басты басымдық береді.

Айта кетсек, Мейрам Қажыкен "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық бірлестігі атынан кандидат ретінде тіркелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив