KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Салтанат Тұрсынбекова тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті

3.11.2022, 18:46 354 Мадина Амангелдіқызы

ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова Шымкенттегі тігін фабрикасында барды.

Кандидат жұмыс істеп, бала-шағасын өсіріп, ірі кәсіпорынның жүгін көтеріп жүрген әйелдерді мақтан тұтатынын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- «Гауһар» – оңтүстіктегі жеңіл өнеркәсіптің флагманы. Мұнда жұмыс киімі, мектеп формасы мен тоқыма бұйымдары әдемі, тиімді және ыңғайлы тігіледі. Қазақстанда жасалған деп мақтанышпен айта алатын өнімнің қалай жасалып жатқанын көру қуантады. Осындай ірі әрі танымал кәсіпорынды әйел адам басқарып отырғаны, тіпті үлкен қуаныш. Көпшілік әйелдің табысты көшбасшы бола алатынына сенбейді. Бірақ мен сенемін және білемін: әйелдің қолынан бәрі келеді: зауытты да, үлкен ұжымдарды да, тіпті бүкіл елді де басқара алады», - деп атап өтті ол.

Кәсіпорын басшысы Әнипа Халбаева бірқатар мәселелерді көтерді: салықтың көптігі, білікті кадрлардың тапшылығы, арнайы оқу орындарының жетіспеушілігі.

Үміткер жұмысшы әйелдердің өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келетінін жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив