KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Салтанат Тұрсынбекова бірлестік өкілдеріне есеп берді

7.11.2022, 17:09 410 Ләззат Қанатқызы

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының 16 күнінде алты өңірде болды: Астанада, Қарағанды ​​облысында, Ақмола облысында, Түркістан облысында, Шымкент және Алматы қалаларында халықтың түрлі топтарымен кездесулер өткізді.

 16 күн ішінде штаб ұжымы қазақстандықтарды кандидаттың сайлауалды бағдарламасы мен жоспарларымен таныстыру үшін өте көп жұмыс істеді.

Салтанат Тұрсынбекова өзін ел Президенттігіне кандидат етіп ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне сайлау науқанында бүгінге дейін жасалған жұмыстар бойынша қорытынды есеп берді.

 - Біз осы уақытқа дейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кандидаттар арасындағы ең аз қаржы сомасын жұмсай отырып, ОСК ақпаратына сәйкес ең үлкен нәтижелі жұмысты атқардық. Бізді қолдаған барлық азаматқа алғысымызды білдіргіміз келеді. Дәл осы қарқынмен әрі қарай жұмысымызды жалғастыра береміз. Бізді қолдап, дауыс беретін сайлаушыларымыздың үмітін ақтаймыз деп сенемін, - деді үміткер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив