Өскемен
+2°
туман Штиль
474.47 503.51 4.88

Шығыс Қазақстанда 537 сайлау учаскесі өз есігін ашты

20.11.2022, 07:00 395 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысында 537 сайлау учаскесі құрылды, оның ішінде 32 учаске – азаматтардың уақытша болатын орындарында.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде барлығы 549 сайлау комиссиясы жұмыс істейді, оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік комиссия бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оларда 3609 комиссия мүшесі, оның ішінде 84 аумақтық сайлау комиссияларының мүшесі және 3525 учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, учаскелер жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сайлау құқығы бар 500 мыңға жуық шығыс қазақстандықтар дауыс бере алады.

Сонымен қатар, дауыс беру барысын бақылауды қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, ҚР Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарының бақылаушылары жүзеге асырады.

395
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив