KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 7 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

ШҚО-да дауыс берушілерге естелік сыйлықтар таратылып жатыр

20.11.2022, 11:00 353 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысында сайлау учаскелерінде сауда жүріп, конкурстар, акциялар өткізіліп, тәттілер таратылып жатыр.

Учаскеге бірінші келген, әрбір жүзінші, мыңыншы және бірінші рет дауыс беретін сайлаушыларға естелік сыйлықтар табыс етілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сонымен қатар, сайлаушылар саны ең көп учаскелерде халық үшін медициналық пункттер ұйымдастырылған, онда әркім қан қысымын, қандағы қант пен сатурацияны өлшей алады.

Бүгін 505 сайлау учаскесінде 3000-ға жуық іс-шара өткізу жоспарланған екен.

Айта кетсек, Шығыс Қазақстанда дауыс беруге арналған 537 учаске сағат 7:00-ден жұмыс істей бастады. Өңірдің 500 мыңға жуық азаматы сайлау құқығына ие.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив