KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Ақжардың қарттары жүз пайыз дауыс берді

20.11.2022, 15:00 579 Мадина Амангелдіқызы

Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының қарттары жүз пайыз дауыс берді.

Қамқорсыз қалған қарттардың өмірін жеңілдету үшін қызмет ететін Ақжар ауылындағы  Тарбағатай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесіндегі қарттар президент сайлауына бір кісідей қатынасып, жүз пайыз дауыс берді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Бүгінде бұл 50 орындық мемлекеттік мекемеге өзіне-өзі қамқор болуға шамасы келмейтін зейнеткерлер, еңбекке жарамды бала-шағасы, зайыбы жоқтар, бала-шағасы қандай да бір себептермен қамқор бола алмайтын зейнеткерлер, жұбайының бірі екіншісіне күтім жасай алмайтын халдегілер, I,II топтағы мүгедектер қабылданған. Облыстың көптеген аудандарынан келіп тұрып жатыр. Барлығы толықтай мемлекеттің қамқорлығында.


Ерлан БАПАНОВ,

ТАРБАҒАТАЙ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив