KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Анна Кухареваның сайлауалды бағдарламасы

10.03.2023, 18:12 230 ALTAINEWS

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ АННА АЛЕКСАНДРОВНА КУХАРЕВАНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті жерлестер!

            Мен, Кухарева Анна Александровна, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатпын.

           Алдағы 5 жылда келесі бағыттар бойынша жұмыс істейтін боламын:

           Денсаулық сақтау саласында мен қол жеткіземін:

- халықтың әлеуметтік осал топтарына медициналық көмектің барлық түрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;

- ауылдық денсаулық сақтауды нығайту;

- аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау бойынша халықты ақпараттандыру мәселелеріндегі жұмыс. Салауатты өмір салтын насихаттау, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алғашқы алдын алу;

 - медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту. Жаңа ауруханалар салу, күрделі жөндеу жүргізу;

 - Денсаулық сақтау саласына жаңа технологиялар трансферті арқылы шетелде медициналық кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру мүмкіндігі.

           Білім беру саласында міндет қойып отырмын:

- мектептерді жөндеу;

- балаларды тасымалдау үшін автобус сатып алу.

           Бұқаралық спорт үшін мен өз үлесімді қосамын:

- балалардың спорттық ойын алаңдарын орнату.

- шағын футбол алаңдарын орнату.

          Мәдениет саласында келесі мәселелерді шешуді бақылауға аламын:

- ауылдық клубтардың ғимараттарын жөндеу.

          Тұрғын үймен қамтамасыз етуде мен қол жеткіземін:

- аз қамтылған көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

 -ауылдарда жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуді қаржыландыру.

           Жол-көлікке қол жетімділікте ықпал етемін:

- Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысының  аяқталуына.

          

Құрметті жерлестер!

 Тек бірігіп, бір талпыныспен ғана біз өз міндеттерімізді орындаймыз, өмірімізді жақсартуға нақты қадам жасаймыз. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына менің кандидатурамды қолдауларыңызды сұраймын.

Жоспарланған  істерімнің барлығы сіздерді қолдауларыңызбен орындалады.

Сайлауға келіңіздер! Жарқын болашақ біздің қолымызда!

 

 

Тапсырыс беруші: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат А.А. Кухарева
Сайлау алдындағы үгітке бөлінген республикалық бюджет қаражатынан төленді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив