KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Наталья Денисованың сайлауалды бағдарламасы

10.03.2023, 16:30 272 ALTAINEWS

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Наталья Денисованың САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 Сайлауалды бағдарлама Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізген саясатқа сәйкес және еліміздің және облысымыздың дамуының негізгі стратегиялық құжаттарын ескере отырып жасалды. Алдағы 5 жылда келесі бағыттар бойынша жұмыс істейтін боламын:

Біріншісі: жастардың қолданбалы ғылымға тартылуының тұрақты өсуін қамтамасыз ету. Екінші: Өмірге қолайлы аймақ Өңірдің цифрлық инфрақұрылымының жай-күйін жақсарту және «ақылды қаланың» цифрлық сервистерін дамыту.

Ол үшін кандидат ретінде келесі бағыттарды дамытуға бюджет қаражатын бөлуге қол жеткізетін боламын:

  • сыртқы орта жағдайларына бейімделген көше жарықтандыруын жаңғырту және орнату;
  • автотасымалдаушылардың сапалы қызмет көрсетуін ұйымдастыру және қоғамдық көлік тректерін қадағалау үшін цифрлық сервистерді пайдалану;
  • Wi-Fi-ға тегін қол жеткізе отырып, жылы аялдама павильондарын орнату; Экологиялық әл-ауқатты жақсартуда Ол үшін кандидат ретінде қол жеткіземін:
  • «Таза қала» жобасы аясында қаланың атмосфералық ауасын мониторингілеу жүйесін жаңғырту және барлық тұрғындарды және ашық On-Line платформаларында ауаның жайкүйін ақпараттандыру; · «Таза қала» жобасы шеңберінде қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 10-нан 15 %-ға дейін ұлғайта отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін әзірлеу;
  • «Таза қала» жобасы шеңберінде қаланың жасыл желектерінің ауданын 70% - дан төмен емес ұлғайтуға ғылыми негізделген тәсілдерді әзірлеу (қаланың жасыл белдеуін жасылдандыру және құру); Қол жеткіземін:
  • «Ақылды қала»цифрлық инфрақұрылымын дамыту;
  • жас ғалымдарды және олардың инновацияларын қолдау ;
  • бүкіл облыс бойынша 4G интернетті қамтамасыз етуді бақылау.

Құрметті жерлестер!

Мен облыс тұрғындарының үміттерін ақтауға, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен атқарушы органдар арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймын.


Тапсырыс беруші: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Н.Ф. Денисова
Сайлау алдындағы үгітке бөлінген республикалық бюджет қаражатынан төленді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив