KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
448.89 477.93 4.76

Сайлау-2023: Теледебат тікелей эфирде өтеді

14.03.2023, 18:00 229 ALTAINEWS

Қазақстандағы кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар сайлауының қарсаңында теледебат өтеді.

Сайлау қарсаңында, яғни 16 наурыз күні өтетін теледебатта азаматтар тікелей эфирде сұрақ қоя алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

– «Хабар» телеарнасы саяси партиялардың сайлау алдындағы пікірсайысын өткізу регламентін әзірледі. Регламентке сәйкес, саяси партиялардың сайлау алдындағы пікірсайысы 3 раундта өткізіледі. Бірінші раунд 2 турдан тұрады. Бірінші тур – партияның таныстырылымы. Онда әр қатысушы өз партиясын таныстырады. Әр қатысушының сөз сөйлеуіне 2 минут беріледі. Екінші тур – пікірсайыс сессиясы. Мұнда қатысушылар қарсыластарына бір сұрақ қояды және бір сұраққа жауап береді. Сұрақ тұжырымына бір минут беріледі. Әр қатысушының жауабына 2 минут беріледі, – деді Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Анастасия Щегорцова.

Екінші раунд та екі турдан тұрады. Бірінші тур – «Елдіңәлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы айту. Екінші тур – сайлаушылардан сұрақ. Әр қатысушы көрермендердің бір сұрағына жауап береді. Жауап беру уақыты – 2 минутқа дейін.

Үшінші раунд – сайлаушыларға арналған сөз. Соңғы раундта қатысушылар сайлаушыларға тікелей жүгінеді. Әр қатысушыға 2 минут беріледі. Осылайша пікірсайысқа қатысушылар өздерінің сайлау бағдарламасымен сөз сөйлеуге, қарсыластарына сұрақ қоюға, сайлаушылар сұрақтарына жауап беруге, сайлаушыларға үндеу жасауға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ ОСК телевизиялық пікірсайысқа қатысушылардың тізімін мақұлдады. Атап айтсақ, Amanat партиясынан Ерлан Қошанов, «Ауыл» партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Айдарбек Қожаназаров, Халықпартиясынан Ермұхамед Ертісбаев, «Байтақ» партиясынан Азаматхан Әміртаев, «Ақ жол» партиясынан Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Нұрлан Әуесбаев қатысатын болды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив