KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Бас прокуратура тыныштық күніне қатысты мәлімдеме жасады

Шартты сурет

17.03.2023, 15:11 233 Ләззат Қанатқызы

ҚР Бас прокуратурасы 19 наурыз күні өтетін Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күні талаптарын еске салды.

Бүгін сағат 00:00-де сайлауалды үгіт жұмыстары кезеңі аяқталады. Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні – 19 наурызда кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

- Сонымен қатар 14 наурыздан бастап БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді. Яғни сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе бекетте жүргізуге болмайды («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы), - деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте сауалнама жүргізе алады.

- Аталған сауалнамалардың нәтижелерін БАҚ-да дауыс беру күнінен кейін, яғни 2023 жылғы 20 наурыз сағат 00:00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі. Конституциялық заңның осы талаптарын орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Аталған заң талаптары Парламент Мәжілісі депутаттарымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына да қатысты, - дейді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив