KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Сайлау-2023: 800-ден аса сарбаз дауыс берді

19.03.2023, 09:37 266 Ләззат Қанатқызы

Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің сарбаздары сайлауға қатысты.

Бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Саяси науқанға Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімінің 800-ден аса сарбазы қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Бүгін мен сайлауға қатысып, еліміздің болашағы үшін, өзімнің болашағым үшін таңдау жасадым. Мәжіліс – заң шығарушы орган болғандықтан, халық үшін қолайлы, тиімді заңдарды реттеп, шығарып отырады, мәслихат біздің өңірдегі әлеуметтік, қоғамдық-мәдени мәселелердің шешілуін қадағалайды. Сондықтан бұл сайлау арқылы менің ғана емес, мені қоршаған қоғамның, өлкемнің болашағы құрылады, – деді қатардағы жауынгер Мұқайұлы Даулет.

Айта кету керек,  27943 әскери бөлімінің сарбаздары №58 жабық сайлау учаскесінде дауыс берді. Ал, әскери бөлімде қызмет ететін офицерлер мен сержаттар өздерінің тұрғылықты жері бойынша сайлауға қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив