KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Сайлау учаскелерінің бірінде мерекелік дастархан жайылды - ШҚО

19.03.2023, 10:04 280 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да ауа райының қолайсыздығына қарамастан тұрғындар саяси науқанға белсенді түрде қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Сайлау наурыз меркесі қарсаңында өтіп жатқандықтан учаскелердің бірінде тұрғындарға арналған мерекелік дастархан жайылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО бойынша барлығы 533 сайлау учаскесі ашылды. Олардың әрқайсысында сайлаушылардың жылдам әрі ыңғайлы дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті бірқатар учаскелерде сайлаушыларға шай мен бауырсақ таратылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайлау учаскесінде мерекелік атмосфера қалыптастыру үшін дастархан жайылған.

Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша барлығы 499 085 сайлаушы тіркелген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив