KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
440.92 475.36 4.82

Сайлаушыларға бір тонна бауырсақ таратылды - ШҚО

19.03.2023, 14:16 358 Ләззат Қанатқызы

Бүгін ШҚО-да ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихат депутаттарын сайлауға барған тұрғындарға бір тонна бауырсақ таратылды.

Облыс орталығындағы бірқатар учаскелерде мерекелік дастархан жасалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Наурыз мерекесі қарсаңында дауыс беру үшін ұлттық киіммен келіп жатқан тұрғындардың да қарасы көп.

- Тұрғындарға бауырсақ таратып, мерекелік дастархан жасау өте керемет идея. Еліміз үшін осындай айтулы күнде де біздің дәстүрлеріміз ұмыт қалмайтынына қуаныштымын, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Альфия.

Айтулы күні осындай шараны қала кәсіпкерлері 112 сайлау учаскесінде ұйымдастырған.

Ал, Глубокое, Алтай аудандарының сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге арналған мерекелік жәрмеңкелер ұйымдастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив