KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
449.3 489.69 4.89

ШҚО-да сайлаушылардың 58,69 пайызы дауыс берді

19.03.2023, 14:35 219 Ләззат Қанатқызы

Елімізде тізімге енгізілген сайлаушылардың 46,84 пайызы сайлау бюллетендерін алды.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

- Орталық сайлау комиссиясын өңірлердегі сайлау комиссияларынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 14:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 46,84 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды, - деді Анастасия Щегорцова.

ОСК мүшесінің дерегінше, оның ішінде:

  1. Абай облысы бойынша – 52,28%
  2. Ақмола облысы бойынша – 52,12%
  3. Ақтөбе облысы бойынша – 51,28 %
  4. Алматы облысы бойынша – 52,13%
  5. Атырау облысы бойынша – 36,15%
  6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 55,14%
  7. Жамбыл облысы бойынша – 58,32%
  8. Жетісу облысы бойынша – 52,41%
  9. Қарағанды облысы бойынша – 56,97%
  10. Қостанай облысы бойынша – 62,36%
  11. Қызылорда облысы бойынша – 54,31%
  12. Маңғыстау облысы бойынша – 49,18%
  13. Павлодар облысы бойынша – 51,24%
  14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 49,68%
  15. Түркістан облысы бойынша – 48,37%
  16. Ұлытау облысы бойынша – 52,29%
  17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 58,69%
  18. Астана қаласы бойынша – 33,65%
  19. Алматы қаласы бойынша – 15,38%
  20. Шымкент қаласы бойынша – 35,61%

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 16:10, 18:10, 19:00 және 20:10-да берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-те ұсынады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив