KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
449.3 489.69 4.89

Сайлау учаскесіне отбасыларымен келушілер көп - Өскемен

19.03.2023, 17:15 3 406 ALTAINEWS

Өскемендегі №26 мектепте орналасқан №5 сайлау учаскесінде 2656 адам тіркелген.

Сағат 16-00-дегі жағдай бойынша мұнда 636 адам дауыс беріпті. Бұл – сайлаушылардың 24 пайызы, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Алғаш рет дауыс берушілер саны – 12. Үйде дауыс беретіндер – 27 адам. Сайлау комиссиясының екі мүшесі мен саяси партиялардан екі бақылаушы үй-үйлерді аралап, дауыс жинауда.

– Сайлау процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Сағат 16-дан кейін дауыс берушілердің тағы бір легі келеді деп отырмыз. Әдетте таңертең, сосын кешке таман келушілер көбейеді, – дейді №5 сайлау учаскесінің төрайымы Жазира Мұқашева.

Бұл учаске келушілерді ырғақты музыкамен қарсы алуда. Отбасыларымен келіп дауыс беріп жатқандар да көп екен. Бір-бірін естелік фотосуретке түсіріп жатқандар да бар.

– Сайлаудан қалмаймыз, дауыс беруге отбасымызбен келу әдетімізге айналған. Бүгін де сол дәстүрімізден жаңылмай, өз азаматтық ұстанымымызды білдіруге келдік. Жаңадан жасақталатын Мәжіліс, облыстық, қалалық мәслихаттарға еліне жаны ашитын, көптеген проблемаларды шеше алатын нағыз іскер, халқына адал депутаттар келеді деп үміттенемін, – дейді өскемендік Мақсат Исанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив