Өскемен
-14°
переменная облачность Штиль
462.36 493.48 5.99

Қазақстанда алғаш рет турникке тартылудан жарыс өтеді

5.07.2022, 12:09 35 0 Мадина Амангелдіқызы
Елімізде алғаш рет 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында Президент жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен мемлекетіміздің бүкіл аймақтарында турникке тартылудан сайыс өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жоба жетекшісі - қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер, Street Workout-тан Қазақстан және әлем бойыша бірнеше дүркін рекорд иесі, Street Lifting бойынша Еуропа рекорд иесі, Қазақстандағы Street workout қозғалысының негізін қалаушыларының бірі Айтым Жақыпов. 
Street Workout - көшедегі спорт алаңдарында түрлі жаттығу жасайтын көше гимнастикасы. Қатысушы көбірек тартылған сайын жүлде жеңіп алу мүмкіндігі арта түседі. Жарысқа қатысушылар салмағы мен жас ерекшелігіне қарай 9 категорияда бақ сынайды. 
Сонымен қатар, жарыс ресми қазылар алқасының қатысуымен өтеді. Әр қаладағы 9 категория бойынша жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар әлемдік чемпионатқа жолдама ұтып алады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив