Шавкат Рахмонов UFC-де төртінші рет жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов UFC турниріндегі кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Рахмонов Лас-Вегаста америкалық Нил Магнимен жұдырықтасты. Қазақстандық спортшы жекпе-жектің екінші раундының соңында қарсыласын тұншықтыру арқылы жеңді. Қарсыластар жартылай орта салмақ дәрежесінде күш сынаған болатын.
Рахмонов бірінші раундта қарсыласына көп соққы жасап, физикалық жағынан да өзінің әлдеқайда мықты екенін көрсетті.
Екінші бес минуттық кезеңде Рахмонов күш жағынан басымдық танытып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Нәтижесінде раундтың аяқталуына үш секунд қалғанда ол Магниді тұншықтырып, жеңіске жетті.
Рахмонов осымен UFC-де төртінші жеңіске жетті.
Сонымен қатар оқыңыз
Ештеңе мәңгілік емес. Санчес пен Головкин дауының себебі туралы"Рингке тымақ киіп шығамын" - Айдос Ербосынұлы, кәсіпқой боксшыСаят МҰРАТБЕКОВ, жасөспірімдер арасындағы бокстан ел чемпионы: – Боксқа БІРЖОЛАТА БЕТ бұрдымДанияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеттіҚазақ боксшысы Қанат Ислам колумбиялық кәсіпқой спортшыны жеңді