Шығыстың жас спортшысы Австрияда топ жарды

Инсбург қаласында таеквондодан халықаралық «Austrian Open» турнирі өтті. Қазақстан Республикасының құрамында Қажымұқан атындағы жекпе-жек сарайының шәкіртері болды.
Спортшылардың ішінен 68 келі салмақта 1-ші орынға Төлеуғали Батырхан ие болды. 53 келі салмақта Зайнеш Дарын алтын медаль иегері атанды. Күміс медальмен 53 келі салмақта Елемесов Медет марапатталып отыр. Осылайша Қазақ елінің қоржынында екі алтын және бір күміс медаль.
Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп лицейінің 8А сынып оқушысы Зайнеш Дарын жарыстан алған өз әсерімен бөлісті.
- Алған әсерім әрине күшті! Туымызды көкке желбіреткен өте керемет сезім сыйлайды. Бірақ осының өзінде босаңсымай, әлі же жаттығып жұмыс жасау керек, - дейді жас спортшы.
Ол таеквондоға ата-анасының ықпалымен барған екен. Кейіннен осы спорт түріне деген қызығушылық арта бастаған.
Жас спортшыларға сәттілік тілейміз. Еліміздің көк туын биікке шарықтата берсін!
Дильназ ӘНУАРБЕК