ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-35°
туман ветер 1 м/с, С
467.99 488.82 7.7
KZ RU

ШҚО-да ерекше маңызға ие екі жарыс өтті

29.09.2022, 16:29 7 0 Мадина Амангелдіқызы
Шығыс Қазақстанда ерекше маңызға әрі сипатқа ие екі бірдей жарыс жалауын желбіретті. Оның бірі Глубокое ауданының Винное ауылындағы ат спорты манежінде ұйымдастырылған паралимпиадалық ат спортынан ел чемпионаты болса, екіншісі Өскеменде басталған ментальды ауытқуы бар науқастар арасындағы республикалық дода еді.
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан  хабарлағандай, Винное ауылындағы жарысқа жергілікті спортшылармен қатар, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан жиналған барлығы 21 шабандоз қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар жасына және жүріп-тұрудағы ерекшеліктеріне қарай бірнеше санатқа бөлініп, өнер көрсетті. Осы ретте, қазылар алқасы түгелдей дерлік шабандоздың жылқымен өзара әрекеттесу шеберлігін жоғары бағалағанын айтқан жөн. Дегенмен, бұл жолы да үздіктердің үздігі болып шығысқазақстандық спортшылар танылды. Жалпы, соңғы жылдары біздің облыстың шабандозары республикалық жарыстарда қарсылас шыдатпай жүргенін атап өту керек. Бұл жарыста да солай болды. Тек бір сайыста ғана бас жүлде өзге облыстың спортшысына бұйырды. Ал қалған төрт санатта шығысқазақстандық саңлақтар оза шапты. Тарқата айтсақ, V деңгейлі сайыста Ақтөбе облысының өкілі Сұлтан Жасыбайдың мерейі үстем болса, IV деңгейлі бәсекеде Диана Оралбек, III деңгейде Диас Ескермесов, II деңгейде Ринат Бектұрсынов, ал I деңгейде Райхан Байырқанова жеңіске жетті. Соңғы төртеуінің бәрі – біздің жерлестер. Дегенмен, мамандар айтқандай, соңғы жылдары еліміздің өзге өңірлерінде де паралимпиадалық ат спортының танымалдылығы артып, елішілік жарыстардағы бәсекелестік күшейе түскен.
Сондай-ақ, бұл күндері Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өтіп жатқан ментальды ауытқуы бар науқастар арасындағы республикалық жарыс та тартысқа толы болуда. Еліміздегі Special Olympics бірлестігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған турнирге елорданың, сонымен қатар, Абай, Ақмола, Атырау, Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары, барлығы 110 спортшы қатысуда. 
Special Olympics Kazakhstan бірлестігінің бас директоры Любовь Червонных мәлім еткендей, биылғы бәсекеге қатысушылар 50, 100 және 200 метрге жүгіру, орыннан ұзындыққа секіру және теннис добын лақтыру сияқты спорт түрлерінен шеберлік байқасатын болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды