KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Ұлан ауданында 3 бірдей спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

28.09.2022, 10:38 175

Ұлан ауданында қазіргі күні 3 стадион, 4 спорттық кешен, 12 хоккей қорапшалары, 129 жазықтық алаңдар, 37 спорттық залдар, оның ішінде 35 жапсарлас спорттық залдар бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде – спорттың 10 түрінен шұғылдануға мүмкіндік бар. Оның ішінде: 7 – олимпиадалық (бокс, еркін күрес, дзюдо, волейбол, футбол, шайбалы хоккей, кёрлинг) спорт түрінен жаттықтырылады, жаттығушылар саны 2714 адамды құрайды. Сондай-ақ, олимпиадалық емес спорт түрінен (армрестлинг) шұғылданады, ондағы жаттықтығушылар саны 50 адам, және 82 спортшыны қамтитын  2 – ұлттық спорт түрлерінен (Тоғызқұмалақ, қазақ күресі) жаттықтырылады, - дейді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.

Айта кету керек, қазір аудан бойынша спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны- 2846 балаға жеткен. Жалпы білім беру мекемелерінде 143 спорттық секциялар құрылып, қызмет етіп жатыр.

-        Биылғы жылы  ауданда Бозанбай, Таврия, Айыртау ауылдарында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың аяғында құрылыс аяқталып спорт кешені қолданысқа беру жоспарланып отыр, - деп түсіндірді аудан басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив