Өскемен
-24°
плотный туман ветер 2 м/с, С
468.9 485.64 7.7

Қазақстан 2027 жылғы хоккейден Әлем чемпионатын өткізуге рұқсат сұрап, өтініш тапсырды

25.09.2022, 12:44 12 0 Мадина Амангелдіқызы
Қазақстаннан бөлек Германия мен Норвегия да өтініш тапсырды. Дүниежүзілік спорттық шара өткізуге лайық Қазақстанда екі ірі нысан бар – "Барыс Арена" және "Алматы Арена", деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық хоккей федерациясына 2027 жылғы хоккейден Әлем чемпионатын өткізуге Германия, Қазақстан және Норвегия сияқты үш елден өтініш хат келіп түсті.

Қазақстан бұрын-соңды жоғары деңгейде шайбалы хоккейден Әлем чемпионатын өткізіп көрмеген, бірақ өтініш хатта көрсетілген екі ірі нысан бар: Астанада - 11 400 орындық "Барыс Арена" және Алматыда - 12 500 орындық "Алматы Арена".

Әлем чемпионатын өткізуге үміткер елдер алдағы айларда егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуі керек. Жоспарды дайындап болған соң оны Халықаралық хоккей федерациясына ұсынады.

Жеңімпаз елдің аты 2023 жылы Финляндияда федерацияның жыл сайынғы конгресінде жарияланады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив