Өскемен
-17°
туман ветер 3 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

ШҚО балуаны әлем чемпионатының жүлдегері атанды

20.09.2022, 17:01 9 0 Мадина Амангелдіқызы

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатынан жақсы жаңалық келді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемендік балуан Азамат Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Пуэрто-Рикандық Этан Рамосты 10:0 есебімен жеңіп, чемпионаттың қола медалін жеңіп алды. Кездесу қазақстандық спортшының техникалық артықшылығына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды. Ол медаль әкелген біздің құраманың жалғыз балуаны болды.

Испания, Куба, АҚШ спортшыларымен жекпе-жектен өткен Азамат жартылай финалда үш дүркін Олимпиада чемпионы Дэвид Тейлорға ғана жол берді. Сондай-ақ, чемпионатта өскемендік Олег Болтин өнер көрсетті, ол 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола үшін күресті, бірақ грузин спортшысы Гено Патриашвилиден жеңіліп, бесінші орынға ие болды.



Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив