KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Шығысқазақстандық балуан Азия чемпионатынан "алтын" алды

25.04.2019, 09:47 221

Жерлесіміз еркін күрестен Қытайдың Сиянь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясынан хабарлағандай, байрақты бәсекеде 74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен шығысқазақстандық балуан Данияр Қайсанов барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, кеудесіне құрлықтық доданың алтын жүлдесін тақты. Данияр жарыс барысында моңғол балуаны Отгонбаяр Батсуриді 8:1, Өзбекстан өкілі Артем Присяжнюкты 12:0 есебімен жеңсе, финалда 5:0 есебімен үндістандық Амит Кумардан басым түсті.

Естеріңізге салайық, жерлесіміз былтырғы Азия біріншілігінде де жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын. Қызғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен сол додада Данияр қола медаль жеңіп алған-ды. Ол, сонымен қатар Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді. Енді, міне, алтыннан алқа тағып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив