KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

«Торпедо» қатарынан екінші ойында ірі есеппен жеңіске жетті

13.02.2019, 16:58 166

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында өз айдынында Башқұртстанның Учалы қаласынан келген «Горнякты» қабылдаған Өскеменнің «Торпедосы» 5:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.


Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын жерлестеріміз челябілік «Челметті» де ойсырата (есеп 7:3) жеңген болатын.


Ал башқұртстандық командамен өткен ойында есепті қонақтар ашты. Кездесудің бесінші минутында Борисенков көзге түсті. Дегенмен торпедолықтар жылдам қарымта қайтарды. Шайба Евгений Рымаревтің еншісінде.


Үзілістен кейін қонақтар тағы бір нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, матчта екінші рет алға шыққанымен, одан кейін тек қана «Торпедо» ойыншыларының қанжығалары майланды. Алдымен Александр Шин, артынша Аркадий Шестаков пен Андрей Белозеров (дубль) қарсылас қақпасынан саңылау тауып, командасына сенімді жеңіс сыйлады.


Осы жеңісінен кейін 58 ұпай жинаған «Торпедо» турнир кестесіндегі 15-ші орнын сақтап қалды. Келесі ойынын жерлестеріміз өз айдынында ертең, 14 ақпан күні өткізеді. Бұл жолы торпедолықтарға Ор қаласының «Южный Урал» командасы қарсылас атанады. Ойынның басталуы кешкі сағат 18:30-да.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив