KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Головкиннің ең мықты қарсыластары рингте кездесетін болды

18.01.2019, 04:02 163


Мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс рингте кездеседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Екі боксшы да Головкиннің рингтегі ең мықты қарсыластары болған еді.


Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында 4 мамыр күні өтеді.


Айта кетсек, Джейкобс бұл жекпе-жекті тағатсыздана күтуде. Спортшы өзінің жеңісіне сенімді екен.


-Канеломен жұдырықтасқаннан кейін, Головкинмен тағы бір мәрте рингте кездесіп, реванш өткізгім келеді, - деді Джейкобс  DAZN  онлайн-стриммингтің комментаторларына берген сұхбатында.


Бұрыңғы әлем чемпионы, кәсіби боксшы Рэй Манчини де бұл жекпе-жекте Джейкобс жеңеді деген болжам жасап отыр.


-Менің ойымша, Дэнни Джейкобс Канелоны жеңіп кетеді. Канело Головкиннен мықтырақ  деп айта алмаймын, - дейді Манчини.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив