KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Шығысқазақсандық бойжеткен армрестлингтен әлем чемпионы атанды

2.11.2022, 14:33 290 Ләззат Қанатқызы

Шығысқазақстандық 14 жастағы Жасмин Оразкенова Антальяда армрестлингтен өткен әлем чемпионатында топ жарды.

Белоусовка кентінің тумасы 40 келіген дейінгі спортшылар арасында бақ сынаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жарыс барысында ол Түркия, Украина және Қазақстаннан келген қарсыластарынан шаң қаптырды.

- Мен спорттың мәнсабымды бастағалы бері әлем чемпионатына бірінші рет қатысып тұрмын. Бұған дейін Қазақстан, Азия біріншіліктеріне қатысқанмын. Алғаш рет қатыса отырып, жеңіске қол жеткізгенім мен үшін зор мақтаныш, - дейді жас чемпион.

Бірақ, өкінішке орай, жанкүйерлер алда болатын түрлі додаларда спортшыны көрмеуі мүмкін. Жасминның айтуынша, осы маңызды жеңісінен кейін ол спорттық мәнсабын бір жолата аяқтауды жоспарлап отыр.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив