Өскемен
-8°
небольшой снег Штиль
458.69 501.3 6.52

Құмаш Нұрғалиев атындағы мектептің командасы екінші орын иеленді

29.11.2022, 17:13 453 8 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде мектеп оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті.

Бұл жолғы ойын - мектеп аралық жолдастық кездесудің екінші кезеңі. Оған тоғызыншы, оныншы және он бірінші сыныптың оқушылары қатысты. Ал алғашқы турнирі қазан айының 7-сі мен 13-і аралығында өткен еді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Турнирдің екінші кезеңіне №43, №44, №36, №4, №11, №20 және №47 мектептің шәкірттері қатысты. Ойын өте тартысты өтті. Доп сайысында №43, №11, №11 мектептің оқушылары ерекше ойын өнерін көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша 11 мектеп бірінші орынды жеңіп алды. Екінші  орынды Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп иеленді. Үшінші орынға оныншы мектептің ойыншылары тұрақтады. Жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.
Сонымен қатар, "Үздік ойыншы" секілді жеке-жеке номинациялар бойынша жақсы ойын көрсеткен оқушыларға да мақтау граматалары табысталды. Жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін жарыста оқушылар мен дене шынықтыру сабағының мұғалімдері алдағы уақытта да жолдастық кездесу өткізіп тұруға уәделесіп тарқасты.

 

Жанель Жанболатқызы 
Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (8)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ару 29 ноября 2022 17:22
1

күшті мақала,өте тамаша. 

Adem 29 ноября 2022 17:30
1

Құтты болсын!

Жамкей 29 ноября 2022 19:51
1

Жарайсың! Жанель өнерің үстем болсын


Семей 29 ноября 2022 19:53
1

Өте тамаша мақала . Өнерлерің үстем болсын

Кандидат 29 ноября 2022 19:56
1

Жарайсын онер орге жузсын биыктерден Корин Алла жар болсын

Асем 29 ноября 2022 19:58
1

Жаксы макала шыга берсин👍

Ақтоты 29 ноября 2022 20:05
1

Бәрекелді Жанель. Қаламың мұқалмасын.

Жайнагул 29 ноября 2022 21:05
1

Молодец Жанель 😘😘😘😘😘 Өнерің өрге жүзсін! 😘