KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Қатар-2022: Ағылшындар арманынан алыстады

11.12.2022, 11:19 476 Оразай Жеңісұлы

Әлем чемпионатында Англия мен Франция жартылай финалдың жолдамасы үшін бақ сынасты.

Спорт сарапшылары бұл ойында фаворит ретінде Францияны таныды.

Ойын есебін 17-минутта франциялық жартылай қорғаушы Орельен Чуамени (0:1) ашты.

Матчтыі екінші жартысы тартысты өтті. 52-минутта Букайо Сакаға қарсы ойын тәртібі бұзылып, Франция қақпасына пенальти белгіленді. Англия шабуылшысы Гарри Кейн 54-минутта 11 метрлік (1:1) нүктеден мүлт кеткен жоқ. Дегенмен 78-минутта А.Гризманнан пас алған О.Жиру  (2:1) баспен қақпаны дәл көздеді.

Төреші Вилтон Сампайо Франция қорғаушысы Тео Эрнандес алаңға тыңнан қосылған Мейсон Маунтқа қарсы тәртіп бұзған деп есептеп, 82-минутта қайта пенальти белгіледі.

Алайда Харри Кейн бұл жолы допты аспанға тепті.

Осылайша Франция құрамасы Англиядан басым түсіп, 14 желтоқсан күні финалға шығу үшін Мароккомен таласады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив