KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1 м/с, В
447.4 477.55 4.76

Қатар-2022: «Қола» қай құрамаға бұйырады?

17.12.2022, 16:40 376 Оразай Жеңісұлы

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін, 17 желтоқсанда жартылай финалда Хорватия мен Марокко қола жүлдені сарапқа салады.

Кездесу елорда уақытымен 17 желтоқсанда сағат 21:00-де басталады.

Тікелей эфир «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Кездесу ел астанасы Доха қаласындағы 45857 жанкүйерге арналған «Халифа Интернейшнл» стадионында өтеді. Бас төреші - қатарлық Абдулрахман Аль-Джассим. Оған отандастары Талеб Аль-Марри мен Сауд Аль-Макалех көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші бразилиялық Рафаэл Клаус.

FIFA рейтингінде Хорватия 12, Марокко 22-орында тұр.

Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесті. 1996 жылы өткен жолдастық кездесуде 2:2 есебі тіркеліп, ойын соңындағы пенальтиде хорватиялықтар 7:6 есебімен жеңіске жетті. Биылғы әлем чемпионатында F тобында ойнаған олар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Топтық кезеңде Хорватия Мароккодан өзге Канаданы 4:1 есебімен жеңсе, Бельгиямен 0:0 есебімен тең түсті. Одан кейін жарыстың келесі сатыларында Жапония және Бразилиямен 1:1 есебімен тең ойнағанмен пенальтиден қапы қалдырып кетті. Жартылай финалда Аргентинаға 0:3 есебімен жол берді.

Топтық кезеңде Марокко Хорватиядан өзге Бельгияны 2:0, Канаданы 2:1 есебімен жеңді.

1/8 финалда Испаниямен 0:0 есебімен тең ойнап, пенальти тебуден мергендік танытты. Ал, ширек финалда Португалияны 1:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Францияға 0:2 есебімен есе жіберді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив