KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Футбол патшасы Пеле қайтыс болды

30.12.2022, 14:20 762 Мадина Амангелдіқызы

Бразилияда 82 жасында ұзаққа созылған сырқаттан кейін футбол королі Пеле қайтыс болды.

Қарашаның соңында атақты футболшы  тоқ ішек қатерлі ісігін емдету үшін ауруханаға жатқызылған болатын.  Кейін оның халі нашарлап кеткені туралы хабар жетті, деп хабарлайды Altaynews.kz.

26 желтоқсанда бұқаралық ақпарат құралдарында Пелені жерлеу рәсіміне дайындық жүріп жатқаны жайлы жаңалықтар жарияланды.

Кеше футбол патшасының қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы Пеленің қызы Келли Кристина Насименту Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Пеле – әйгілі бразилиялық футболшы, XX ғасырдың үздік футболшысы, үш дүркін әлем чемпионы (1958, 1962, 1970). Халықаралық олимпиада комитетiнің ұйғарымы бойынша XX ғасырдың спортшысы деп мойындалды. "Сантос" және "Нью-Йорк Ғарыш" клубтарында ойнаған. Бразилия құрамасында 92 матч өткізіп 77 гол соққан. Әлем чемпионатын ойыншы ретінде ұтқан рекордшы — үш титулға қол жеткізген. Төрт рет әлем чемпионатын қатысты. 1970 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы. 1958 жылғы әлем чемпионатының ең үздік жас футболшысы. Оңтүстік Америкадағы Жыл футболшысы (1973).  Сондай-ақ екі рет әлем чемпионаттарының символдық құрамалары мүшесі болды.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшының  қайтыс болуына байланысты Бразилия Президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді. Сондай-ақ ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив