KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Өскеменде күштік құрылымдар арасында қоян-қолтық күрестен турнир өтті

18.01.2023, 15:42 351 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан біріншілігіне іріктеу турнирі өтті.

Аталмыш жарысқа өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 100 ден аса спортшылар қатысып, 8 салмақ дәрежесі бойынша өзара сынға түсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Жалпы командалық сайыста ШҚО ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері тынымсыз еңбек пен асқан шеберліктің арқысында қарсыластарын ойсырата жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша полиция капитаны Хамидуллин Бейбіт Исатайұлы 88 кг салмақ дәрежесінде 1-орынға ; полиция капитаны Жұмағалиев Нұрсұлтан Әлимұратұлы 97 кг жоғары салмақ дәрежесінде 1-орынға; полиция аға лейтенанты Тұрдыбеков Аян Аблахатұлы 80 кг салмақ дәрежесінде 1-орынға; полиция аға лейтенанты Нұралыұлы Аманжол 80 кг салмақ дәрежесінде 2- орынға; полиция аға лейтенанты Елеуханов Нұртілек Серікқанұлы 80 кг салмақ дәрежесінде 3-орынға; полиция аға лейтенанты Айтжанов Нұрасыл Талғатұлы 67 кг салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздары және медальдармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив