KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
447.4 477.55 4.76

Өскемендіктер Tartyl Fest турнирінде үздік нәтиже көрсетті

20.02.2023, 14:32 379 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық ОмарTartyl Fest турникке тартылу чемпионатының республикалық финалында үздік нәтиже көрсеткен өскемендік спортшыларды құттықтады.

Финалда Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 170 қатысушы бақ сынаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен қаласынан Егор Ногин 55-70 келі салмақ дәрежесінде 1-ші орын, Радмир Темірболатов - 70 келіден жоғары салмақ санатында 2-ші және Евгений Созончук - 80 келіден жоғары салмақ санатында 1-ші орынға ие болды.

- Сондай-ақ Мансұр Уәлиевтің нәтижесін ерекше атап өткім келеді. 11 жастағы Мансұр өз санатындағы ең жас қатысушы болды. Алайда, бұл оның үздік болуына еш кедергі келтірмеді. Ол 18 жасқа толмаған қатысушылар арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1-ші орынға ие болды. Оның нәтижесі - бір жаттығуда 36 рет тартылу, - дейді қала әкімі.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив